Қарт кісі үйімен бірге өртеніп кетті

1 371

Фото: Павлодар облысы ТЖДПавлодар облысында қарт кісі үйімен бірге өртеніп кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, оқиға 23 ақпан күні сағат 11:28-де Железинка ауданының Михайловка ауылында болған.

«Жекеменшік тұрғын үйде тұрмыстық газ баллонды қауіпсіз пайдалану талаптарын бұзу нәтижесінде газ-ауа қоспасының жануы орын алып, 70 шаршы метр алаңды өрт шарпыды. Өрт орнына жедел түрде 16-ӨСБ өрт сөндірушілері жіберілді (өрт сөндіру бөлімінен 98 км қашықтықта орналасқан), сонымен қатар Михайловка ауылының жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеті жұмыс жүргізді. Жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекетінің күшімен (4 адам және 1 техника) 1959 жылы туған үй иесінің денесі табылды. Сағат 14.00-де өрт толықтай сөндірілді. ТЖД күштері мен құралдарынан 3 қызметкер және 2 бірлік техникасы, сонымен қатар ЖАО 4 адам және 1 техника жұмылдырылды», - делінген ТЖД хабарламасында.

Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау туралы ескертеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.