Атырау қаласынан 30 шақырым жерде 6 гектар қамыс отқа оранды

383

Фото: ТЖДАтырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта 6 гектар қамыс жанып жатыр. Кеше кешке басталған өрттен елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.








Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, қамыс өрті кеше, 14 қыркүйек күні сағат 20:40-та тұтанған.



«Атырау қаласына таяу орналасқан Кеңөзек ауылдық округіне қарасты Алғабас кентінен 15 шақырым кашықтықта шамамен 4 гектар аумақта қамыс өртенді. Қамыс өртін сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер, 2 техника, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 3 қызметкер, 1 техника, Кеңөзек округіндегі шаруа қожалығынан 3 қызметкер, 3 трактор жұмылдырылды. Өрт бақылауға алынды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.



Ал, бүгін 15 қыркүйек күні таңертең департаменттің 2 қызметкері, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 15 адам 4 техникамен қамыс жанған аумақта кезекшілік атқаруға шыққан.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.