Қызды көлік жүргізуге үйретпек болған: Семейде екі адам отырған Toyoto Ертіс өзеніне құлап кетті
261
Семейде ішінде екі адам бар көлік Ертіс өзеніне құлады. Бір адам көз жұмды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бейресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай 21 желтоқсанда болған. Toyota көлігінің ішінде екі адам отырған. Ер адам көліктен шыға алды, ал қыз ішінде қалып қойды.
"20 жастағы тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге мәліметтер жария етілмейді, - деп жазады Noks басылымы полицияға сілтеме жасап.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, қызды көлік жүргізуге үйретпек болған. Автомобиль марқұммен бірге өзеннен шығарылды.