Өзін атып өлтірген сарбаздың анасы үндеу жолдады

1 384

Фото: Видеодан скриншотАқтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде өзін атып өлтірген сарбаздың анасы қазақстандықтарға видеоүндеу жолдап, әскердегілерді кінәламауды сұрады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ирина Боровецтің айтуынша, ұлы әскерде қысым көрмеген.



“Ол сәуірден бастап әскери міндетін орындауға кетті. Оны ешкім ренжіткен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр, сол жақтағылар шешеді деп ойлаймын”, – деді ана.

Ол әскерде жүрген балаға жағымсыз жаңалықтар айтып, ойын бөлмеуді сұрайды.

"Менің ұлым жақсы қызмет етті және үнемі қоңырау шалып, сондағы жағдайларды айтып беріп отырды. Менің әскерге шағымым жоқ. Ата-аналарға айтарым, балаларыңызды жаман жайттардан қорғаңыздар, басын жаман жаңалықпен ауыртпаңыздар, алаңсыз борышын өтесін", – деді Боровец.

Сонымен қатар ол ұлының өз-өзіне қол жұмсауына әскер кінәлі деген жалған қауесет таратпауды өтінді.

 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.