Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды

2 242

Фото: Жаңақорған ауданының әкімдігі11 тамыз күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Жиында аудан әкімі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған Зульфия Құрманәліқызы Шалабаеваны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Зульфия Құрманәліқызы –1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Режиссура» мамандығы бойынша білім алған. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл.

1997 - 2014 жылдар аралығында Шиелі аудандық мәдениет үйінің әдіскері, әдістемелік бөлім меңгерушісі, Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің мәдени шараларды ұйымдастыру бөлімі меңгерушісі, аудандық мәдениет үйі жаңындағы халық театрының режиссері,

2014 жылдың маусым айынан бастап Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің әдіскері,

2019 -2023 жылдар аралығында М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры,

2023 жылдан қазіргі кезге дейін Шиелі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Б.Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени - шығармашылық орталығының директоры қызметін абыроймен атқарған.

Мәдениет саласындағы жұмысы үшін «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» республикалық мәдениет қызметкері кәсіподағының арнайы Құрмет грамотасымен,

2022 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.