Алматы облысында ер адам қалжыңдаймын деп көз жұмды

352

Алматы облысының екі тұрғыны ер адамды өлімші етіп соққыға жықты деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап. 


Алматы облысының полицейлеріне Қарасай ауруханасының қызметкерлері хабарласқан. Олар 36 жастағы ер адамның жансақтау бөлімінде көз жұмғанын айтқан. 

Полицейлер оны соққыға жыққан екі күдіктіні тәулік ішінде ұстады – Қарағанды облысының тумалары өңірде көлік жуу орнында жұмыс істеген.

Олардың бірі бұрын тонау, екіншісі есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталған.

Ұсталғандардың айтуынша, олар ішімдік ішіп отырғанда мас жерлесі телефон соғып, қонаққа шақырған, такси ақысын өзім төлеймін деп уәде берген. Ал келген кезде қалжыңдағанын айтып, такси ақысын төлемеген.  

"Осыған байланысты жанжал туындап, келген екеу жерлесін ұрып-соғып, бой тасалаған", - деді полицейлер.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күдіктілерге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.