Тағдырын түзету үшін көріпкелге 780 мың теңге берген

160
Ақтау тұрғыны көріпкелге "тағдырын түзегені үшін" 780 мың теңгеге жуық ақша берген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Жәбірленуші сеніміне кірген алаяқ одан 779 601  теңге алған. Көріпкел ұсталды, - делінген хабарламада.
 

26 желтоқсан  күні жәбірленуші «тағдырдың түзелуіне көмектесемін» деп уәде берген, бірақ сөзінде тұрмаған көріпкелдің үстінен шағыммен полицияға жүгінгені айтылады.

Криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.