Автосалон қызметкері ірі көлемде алаяқтық жасаған

1 508

Фото: © Sputnik / Владислав ВодневТаразда автосалонның 25 жастағы бас менеджері клиенттер мен өз компаниясын 334 млн теңгеге алдаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

 Автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

"Клиент әйелді құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беремін деп алдаған. Оның көлігін сатып жіберіп, ақшаны өзіне жаратқан, содан кейін басшылыққа білдірмей, автосалонға тиесілі құны 83 млн теңге тұратын жаңа көлікті оған беріп жіберген", - дейді прокуратура.

Бас менеджердің былығы бұнымен бітпеген. Ол автосалонда сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге тұратын көліктерді сатып, ақшаны иемденген.

"Сонымен қатар автосалонға тиесілі құны 59 млн теңге болатын жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен сатып жіберген", - дейді прокуратура.

Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және басқа біреудің мүлкін иемденіп, жымқырғаны үшін кінәлі деп тауып, 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырған. Прокурордың қорытындысы бойынша сот актілері өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғайтылған, себебі келтірілген залал өтелмеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.