Қызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды

1 401

Фото: pixabay.comҚызылордада қаржы пирамидасын құрған азаматша 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылордалық 34 жастағы әйел тұтыну кооперативін құрып, азаматтарға пайызсыз баспана және автокөлік алуға шақырып, салымшылардан ақша жинаған. Нәтижесінде 11 салымшы 17,6 миллион теңгесінен айырылған.  


«Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржылық пирамиданы құру) кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар, бес жылға бас бостандығынан айырды. Жәбіршіленушілерге келтірілген шығын өтелді», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен. 





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.