Алматылық әйел қызының ұл емес екенін төрт ай бойы дәлелдей алмады

422
Алматылық Мақпал Нұрлан төрт айдан астам уақыт бойы жаңа сәбиінің қыз екенін дәлелдей алмады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қаладағы перзентханалардың бірінде қыркүйек айында дүниеге келген баланың жынысы құжаттарда қате көрсетіліпті. Сол сәттен бастап қыздың ата-анасы туу туралы куәлікті дұрыстай алмай қалды.

"Тіпті әкімдікке дейін хабарластым, ешкім жауап бермеді. Кейін Nur Otan партиясының көмегіне жүгіндім. Ол перзентхананың қателігін он күнде түзетіп, бүгін бізге туу туралы куәлік берді. Көмектеріңіз үшін көп рахмет! ", - деді қыздың анасы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.