"Хабар 24" журналистінің оқиғасы: күзет агенттігі лицензиясынан айырылды

436
Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған "Хабар 24" журналистінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясының баспасөз қызметі Алатау ауданы әкімдігін күзетумен айналысатын кәсіпорын күзет қызметі лицензиясынан айырылғаны туралы ақпаратты растады.

"Бастығын полицияға шақырып, қызмет ету лицензиясынан айырды", - деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алена Горбачева бұл жағдай туралы телеарна арызын адвокаттар дайындағанын және жақын арада полицияға жіберілетінін айтқан болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.