Қызылорда тұрғыны көлік жуу орталығындағы терминалды қасақана істен шығарған

163
Қызылорда қаласында орналасқан “Өз көлігіңді өзің жуу” көлік жуу орталығының терминалын қасақана істен шығарған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


9 қараша күні Қызылорда қаласы ПБ Ақсай полиция бөліміне жеке кәсіпкер келіп арызданған болатын. Белгісіз біреу түнгі мезгілде қала аумағында орналасқан “Өз көлігіңді өзің жуу” орталығындағы “Easunash” үлгісіндегі қаражат салатын құралына су шашып, қасақана істен шығарып кеткен. Жеке кәсіпкерге келтірілген шығын 1,3 млн теңгеден асады.

 Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде басқарманың криминалдық полиция  бөлімшесінің жедел уәкілдері “ізін суытпай” 22 жастағы күдікті азаматты анықтады. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабының 1-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Күдіктіге процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу туралы міндеттеме берілді. 

Егер, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалу мүмкін.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.