Мектеп формасы: кімге және не үшін қажет?

1 544
Қызылордалық мектептерде арнайы мектеп формасы бекітілген, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

 Бүгінгі таңда мектеп формасының рөлі қандай? Оның көмегімен әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге бола ма? Немесе бүгінгі күнге кеңес дәуірінен келе жатқан ережелер қаншалықты жарайды? Бұл мәселелерді ұстаздар мен мұғалімдердің, оқушылардың көзқарасы тарапынан шешуге тырысайық.
Осыдан біраз жыл бұрын мектеп формасы ұғымы пайда болып, еліміздің түкпірлерінде бірдей форма кие бастады. Ал 90 жылдары ата-аналары мен балалары мектеп формасын өздері таңдайтын. Бастысы ақ кеудеше мен қара белдемше болса болғаны. Мұны әркім түрліше қабылдады. Есесіне оқушылар әлеуметтік дәрежесін пайдаланып, қымбат бағалы киімдер кие бастағаны да жасырын емес.  


Ал, бүгінде мектепке балаларының қандай киімде баратынын ата-аналары шешеді. Алайда ерекше талғам барлығында бола бермейді. Біреулері "келесі жылы да киесің" деп үлкен көлемдегі киімдерді сатып алса, екіншілері дәл сол уақыттағы сәнге сәйкесін таңдайды. Ал бірыңғай форма осындай сәтте әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылып жүрген мәселелердің бірі.
Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.
Кейбір оқушылар бірыңғай болуға үйреніп қалғандықтан, өздерін көрсете алмайтын қасиетке ие болады. Сәнқой оқушылардың айтуынша, ол барлығына бірдей жараса бермейді. Ендігі мектеп формасының қалай өзгеретіндігі уақыттың еншісінде. 
Алайда, әлеуметтік желіге алғашқы қоңыраудың сылдыры естілемін дегенше қалтасы көтермейтін ата-аналардың мектеп формасына қарсылық танытуы жиі көтеріліп жүр.
Бұл туралы қоғам белсендісі:


«Бұл кімнің бизнесі болуы мүмкін? 4 балам 3 мектепте оқиды, демек скидка жоқ маған. Енді 28.000-нан әр ата-ана баласына алып беруге мүмкіндігі бар деп ойламаймын. Осы августте көбіміз қиналып қаламыз, балалардың киімдері мен керек жарағын әперерде. Қызылорда Қаласының Білім Бөлімі алдыңғы формадан у шықты ма? Несімен ұнамай қалды? Жетер енді, тамағын әрең тауып отырған отбасылар бар. Қара халықты ойлайтын бір азамат қалмады ма екен?»,- дейді Айгерім Бақыт.

Сонымен қатар, 
қала тұрғындарының айтуынша, «№278 мектеп оқушыларына биылғы оқу жылынан бастап осындай сұр түстегі форманы кию керек деп жатыр екен. Бұл білім басқармасының бұйрығы ма, әлде мектеп директорының бұйрығы ма? Ақ көйлек, қара-көк шалбар не белдемше дұрыс деп ойлаймын. Әрбір үйде 3-4 баладан, бәріне 18-25 мыңнан форма тіктіртуге мүмкіндік жоқ»,-дейді.

Осы орайда Қызылорда қалалық білім бөлімінің мамандары:
«Жалпыға бірдей арнайы мектеп формасы бекітілмеген. Ол мемлекеттік оқу ордаларында, ал жекеменшік мектептерге арнайы нұсқаулық жоқ. №278 мектепке келер болсақ, мектеп директоры мен ата-аналар арнайы келісіп, талқыланған. Көпшілікпен мақұлданған. Десе де, дәстүрлі мектеп формасы болса да, бірыңғай  мектеп формасы бекітілсе де барлығы мектеп басшылығы мен ата-ана тарапымен шешімін табады.»,- дейді баспасөз хатшысы.

Қымбатшылық заманда мектеп формасынан бөлек бір баланы толығымен жабдықтау 100 000 теңгені құраса керек. Ал оның үстіне 20-30 мың теңге көлеміндегі мектеп формасы  тағы бар. Бір бала емес, 3 немесе одан да көп баласы бар аналарымыздың тамыз айында қалтасына едәуір салмақ түспек.


АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ