Тальго пойыздарына жеңілдіктер енгізілді
Ұлттық тасымалдаушы үш бағытта жүретін "Тальго" пойыздарына жеңілдіктер енгізілген,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыт бойынша теміржол билеттерін қысқы жеңілдікпен сатып алуға болатынын мәлімдеген.
Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.
Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:
№11/12 "Алматы – Шымкент" бағытындағы "Тальго" пойызы
Жеңілдік түрі: Турист "2Д" орындарына;
Жеңілдік мөлшері – 25 пайыз.
№65/66 "Астана – Қызылорда" бағытындағы "Тальго" пойызы
Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға;
Жеңілдік мөлшері – 25 пайыз.
№105/106 "Алматы – Петропавл" бағытындағы "Тальго" пойызы
Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға;
Жеңілдік мөлшері – 25 пайыз.







