Әкесінен айырылған балалардың 25 млн теңге өтемақысын әжесі жұмсап жіберген

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИ2021 жылы Ақтөбеде үш бала әкесінен айырылды. Ер адам өндірісте жарақат алып қайтыс болған. Ал жұмыс беруші отбасына зиянды өтеу ретінде 25 млн теңге төледі. Алайда мүгедектігі бар ана мен кәмелетке толмаған балаларға арналған  қаражат оларға жетпеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, барлық соманы балалардың әжесі алған. 25 млн теңгені ол жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Нәтижесінде асыраушысынан айырылған отбасы ана мен үш балаға қалуы тиіс өтемақыдан да қағылған.

Бірнеше жыл өткен соң бұл жағдайға Ақтөбе прокуратурасы араласты. Қадағалау органы отбасының мүліктік құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгініп, барлық соманы қайтаруды талап етті.

2026 жылғы 25 мамырда Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап арызды қанағаттандырды. Балалардың әжесінен 25 млн теңге өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енді. Өтемақы 2021 жылы әкесінен айырылған мүгедектігі бар ана мен үш кәмелетке толмаған балаға қайтарылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.