Вагондар арасына қысылып қалған жігіт көз жұмды

1 676

Фото: видеодан скриншотЕкібастұзда жігіт екі вагонның арасында қысылып қалды. Жігітті аман алып қалу мүмкін болмады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жігіт вагондар арасында жүрді, бір сәтте автоматты қосқыштар қозғалып, жігіт қысылып қалды. Ол құлап, дірілдей бастады, тұруға тырысқанымен, қайтадан құлады.


Желі қолданушылары жігіттің компанияда тағылымдамадан өткенін жазады.


"Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.