Ресеймен шекаралас ауыл тұрғындары арасындағы төбелес кісі өлімімен аяқталды

1 410

Фото: pixabay.comРесей Федерациясымен шекаралас Атырау облысының Құрманғазы ауданында шекара маңындағы ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. Жанжал нәтижесінде бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Екі ауыл тұрғындары арасында дау туған. Жаңа ауыл ауылынан Сафон ауылына 30-ға жуық адам келіп, жанжал төбелеске ұласқан. 

Бір адам алған жарақатынан мерт болды. Түрлі жарақаттары бар бірнеше адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Барлық күдіктілер ұсталды.

Атырау облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. 

Әзірге жанжалдың себебі нақтыланбады. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жанжал Жаңа ауылдағы барда басталған екен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.