Орал колледжінде студент қатарласына пышақ сұғып алды

161
Орал жоғары агро-техникалық колледжінің студенттері арасында қақтығыс туындады. Білімгерлердің бірі екіншісіне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап
БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге сағат 11:27-де ақпарат келіп түскен.


"Білектен пышақ жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Таңу жасалғаннан кейін оны амбулаторлық бақылауға жіберді", - деп хабарланды ведомстводан. 

Ал БҚО полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікірді кейінірек беретінін хабарлады. Учаскелік полицей болса колледж студенттерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқу ордасының директоры іссапарда болса, оның орынбасарлары болған оқиғаға қатысты пікір білдіре алмады.