Орал колледжінде студент қатарласына пышақ сұғып алды

178

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comОрал жоғары агро-техникалық колледжінің студенттері арасында қақтығыс туындады. Білімгерлердің бірі екіншісіне пышақ сұғып алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап

БҚО денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемге сағат 11:27-де ақпарат келіп түскен.



"Білектен пышақ жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Таңу жасалғаннан кейін оны амбулаторлық бақылауға жіберді", - деп хабарланды ведомстводан. 


Ал БҚО полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікірді кейінірек беретінін хабарлады. Учаскелік полицей болса колледж студенттерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Оқу ордасының директоры іссапарда болса, оның орынбасарлары болған оқиғаға қатысты пікір білдіре алмады. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.