Құрылыс компаниясының басшысы өз пәтерінен секіріп, көз жұмды

398

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Көкшетауда 30 жастағы «ЖК Жақыпов» құрылыс компаниясының директоры Мақсат Жақыпов 7-қабатта орналасқан өз пәтерінен секіріп, қаза болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Суыт оқиға бүгін түнгі төрттер шамасында болған. Көкшетау қалалық Полиция басқармасына телефон шалған жедел жәрдем стансасының фельдшері ер адамның 7-қабаттағы пәтерден секіріп құлағаны туралы хабарлаған.

Аталған факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы1-бөлігіне сәйкес «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, - дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ресми емес деректерге қарағанда,  түнгі төрттер шамасында ер адам үйінде компьютер қарап отырған. Кейін балконға шығып кеткен. Әйеліне өмір сүргісі келмейтінін айтқан. Бірақ кейін жұбайымен сөйлесіп өзара ұғынысқан. Дегенмен түн ортасында өз-өзіне қол жұмсаған.


Полиция басқа деректер ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын мәлімдеді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.