Мектеп оқушысы суицид жасады

1 700

11 жасар оқушының мұндай шешім қабылдауының себебі зерттеліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алматы облысында 11 жастағы оқушы суицид жасады. Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады. Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бала Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6 сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.

«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы.  Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, аранйы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай орын алғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта орын алған», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отабасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты. Жалпы Алматы облысында өз өмірлерін қиятын балалар саны азаймай тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.