Балалар орталығының бухгалтері 10 млн теңге жымқырған

1 550

Жамбыл облысында 10 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.


«Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу)», - делінген ведомство хабарламасында.

Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

«Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді. 2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен Орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде)», - делінген хабарламада.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.