Балалар орталығының бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Жамбыл облысында 10 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.
Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қаз
Рус






