Арал ауданының 6 айдағы кірісі 11,0 млрд теңгені құрап отыр
Ауданның 6 айдағы кірісі 11,0 млрд теңгені құрап, болжам 101,2 пайызға артық орындалса, оның ішінде өз түсімдеріміз 1,8 млрд теңгені құрап, жоспарлы межеден 5,0 пайызға артты. Өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда аудан бюджеті 10 пайызға, оның ішінде өз кірістеріміз 28,6 пайызға өсті.
Жыл басынан бері өнеркәсіп орындары 11,1 млрд теңге болатын өнім өндіріп, жалпы өсім 31,8 пайызға жетті. Ауданда өндірілген өнімдердің 70,0 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Есепті мерзімдегі өңдеу өнеркәсібінің өсімі 42,7 пайызды құрады.
6 ай мерзімде аудан бойынша барлығы 361,8 мың тонна тұз, 141,8 мың тонна йодталған тұз, 54,3 мың шаршы метр табиғи құм қазылып, 2121 тонна балық, 156 тонна ет, 640 тонна нан және нан өнімдері өндірілді.
"Индустрия инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының ІІІ(үшінші)бесжылдығы аясында жалпы құны 158,5 млрд.теңге болатын, 1352 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылуда.
"Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында индустриялық аймақ құру үшін Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінен 6 га жер телімі бөлінген. Қазіргі таңда индустриялық аймақта жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарланды. Оның ішінде 21 азаматты жұмыспен қамтитын, құны 169,8 млн. теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды.
2022 жылдың 6 айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері -4765 бірлікті құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 17,4 пайызға артты.Ал, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 4344 бірлікті құрап (2021 жылдың 6 айында 3699 бірлік), 16,9 пайызға көбейді. Жалпы тіркелген субъектілердің ішінен жұмыс жасап тұрғандарының үлесі 91,1 пайызға жетті.
Жыл басынан бері ауданымызда мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 451,2 млн. теңгені құрайтын 37 жоба несиелендірілді. Одан бөлек жалпы құны 192,0 млн.теңге болатын 18 жоба оң шешімін тапты. Сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2022 жылы іске асырылатын жобалар тізбесі бекітілді. Онда 3,7 млрд теңгені құрайтын, 188 адамды жұмыспен қамтитын 60 жоба қамтылған. Агроөнеркәсіптің кешенін дамыту мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы бекітілді. Бұл жоба аясында 3 бағыт бойынша 30 жоба іске асырылып, ауданға 792 млн.теңге инвестиция тартылып, 200-ге жуық адам жаңа жұмыспен қамтылады. Жыл басынан бері 3,8 млрд.теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, көрсеткіш 102,1 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 246 191 бас мал өсірілуде. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 107,7 пайызға(61 119 бас МІҚ), жылқы 111,3 пайызға (45 148 бас жылқы), түйе 107,6 пайызға (35 518 бас түйе) және құс 113,2 пайызға (4358 дана құс) артса, қой мен ешкі 95,1 пайыз(104 406 бас: қой – 67 932, ешкі – 36 474) болып отыр. Сондай-ақ, өңірімізде мал шаруашылығынан алынатын өнім саны да жыл санап көбеюде. Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру (тірілей салмақта сиыр еті) 103,3 пайызға, сүт өндіру 102,1 пайызға, жұмыртқа өндіру 102,2 пайызға орындалды. Аудан бойынша барлығы 535,2 гектар жерді егіске дайындау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 11,7 гектар жерге картоп, 169 гектарға бақша, 54 гектарға көкөніс және 221,5 гектар жерге жаңа жоңышқа дақылдары, 73 гектарға ескі жоңышқа егіліп, суару жұмыстары жүргізілді. Барлығы 529,2 гектар жерге түрлі егістік дақылдары орналастырылды. Алдағы күз айында 250 гектардың үстінде жаңа күзгі жоңышқа егу жоспарланған. Биылғы жылы әрбір ауданда егін егуді қолға алу, ауданды ішкі өніммен қамтамасыз ету бойынша берілген облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 70 гектар жерге егін отырғызу межесі жүктелді. Осыған сәйкес әрбір елді мекеннің мүмкіншіліктеріне орай 2-10 гектар аралығында картоп, бау-бақша өсіру шаралары жүзеге асырылды. Атқарылған жұмыстар қорытындысымен 100,2 гектар жерге егін егіліп, 142 пайызға орындалды. Балық аулау лимиті биылғы жылға 7430 тонна балық болып бекітілсе, есепті мерзім ішінде оның 6590 тоннасы ауланып, 1600 тонна балық өнімдері өңделді.Ауданда жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан астам 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. «Еврокод» белгісін «Арал балық өңдеу зауыты» және «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС-гі алған. Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес ауданға қатысты тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін 7 тауарлы көл тізімге енгізілді (Ақшатау-Сорғақ, Домалақ, Тұщы, Қаракөл, Алаша, Ақбілек және Шөмішкөл). Сонымен қатар тауарлы балық шаруашылығын дамыту мақсатында биылғы жылы 3 тоған шаруашылығын іске қосу жоспарға енгізілді. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда ішкі нарық тұрақты балық өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Биыл қуаңшылықтын алдын алу мақсатында су шаруашылығына барлығы 568,2 млн.теңге қаржы қаралып, өз деңгейінде тиісті шаралар атқарылуда. Атап айтар болсақ,176,1 млн.теңгеге 8 ұнғыманы қазу (Тоғыт, Ащықұдық, Сульфат-2, Боранбай, Мергенсай, Қазанғап Ата, Ақбай, Арал-1) және 392,1 млн.теңгеге 6 каналды тазарту (Жыланды, Ералы, Қулы, Ақшақыз, Қайролла, Нұралы жарма) жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылдың 6 айында 13 431 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп (2021 жылдың 6 айында 13 129 шаршы метр), жоспар 102,3 пайызға орындалды. Жыл басынан бері ауданда 1,3 млрд теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 10,0 пайызға артық орындалды.«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы бастау алған Аманөткел (құны - 287,1 млн.тг.) және Қамыстыбас (құны-292,4 млн.тг.) елді мекендерінде денешынықтыру - сауықтыру кешендерінің құрылыстары жалғасын табуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында қуатылығы 300 мың тонна өнім беретін «Арал Сода» зауытына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу (газ жүргізу құны - 1,4 млрд.теңге, электр желісін жүргізу - 1,3 млрд.теңге) жұмыстарына 2021 жылға облыстық бюджеттен 395,4 млн.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, Арал Сода зауытына темір жол тұйығын салу жұмыстарына 2022 жылға 250,0 млн.теңге бөлінді. Жақсықылыш кентінде дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, Арал қаласында 100 орындық интернатымен қоса 200 орындық № 71 мектептің құрылыстары жалғасын табуда. Арал ауданы бойынша аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 643,8 мың шақырым болса, оның 242,6 мың (37,69%) шақырымы жақсы, 142,0 мың (22,06%) шақырымы қанағаттанарлық және 259,1 мың (40,25%) шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайды құрап, жыл басына жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 59 пайызға жеткізілді.2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 92 пайызға жеткізу көзделген. Автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында 2022 жылға барлығы - 1,2 млрд.теңге бөлінді. Құны 1,5 млрд.теңге болатын, 2021 жылы бастау алған аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» (21 шқ) автожолына қосымша 680 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасуда. «Сазды елді мекеніне кіре беріс» (0-21км) автожолын орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 228,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстары басталды (құны - 918,0 млн теңге). Жоба құны 328,0 млн.теңге болатын Хан елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 48,0 млн.теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, қазіргі таңда аудандық маңызы бар Бөген-Ақлақ(0-20,5 км) бағыты бойынша 237,5 млн.теңге, Қаратерең – Жаңақұрылыс(0-23,9 км) автомобиль жолына 148,1 млн.теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылжар елді мекенінің кіре беріс(15,37 км) автомобиль жолын орташа жөндеуге 212,3 млн.теңге және Қызылжар-Шөмішкөл(0-10 км) автомобиль жолының құрылысына 100,0 млн.теңге бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Жақын күндері екі жобаның жұмыстары бастау алмақ. Көнту елді мекенін ауыз су желісін жүргізу үшін аудандық бюджеттен 13,4 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні мердігер мекеме тарапынан елді мекен ішіне су құбырларын жүргізу жұмыстары аяқталып, ауыз су желісі тұрғын үйлерге кіргізілуде.
«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасымен «Арал қаласына кіре беріс» автожолын жарықтандыру жұмыстарына республикалық бюджеттен 55,5 млн.теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастады. Сондай-ақ, аталған бағдарлама арқылы Арал қаласындағы 5 көшені жарықтандыру жұмыстарына 47,5 млн.теңге қаржы қаралды. Ауданда есепті мерзімде жұмыссыздық деңгейі
статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 5,0 пайызды құрады.
Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халық саны
30 772 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 29 249 адам (2021 жылдың 1 шілдесіне– 28 910 адам).
Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 1437 адамның 732-сі тұрақты жұмысқа орналасты. Биылғы жылдың аяғына дейін 3011(мемлекеттік мекемелерде – 370, жеке секторларда - 2641) жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, есепті мерзім ішінде 1310 (мемлекеттік мекемелерде – 40, жеке секторларда - 1270) жаңа жұмыс орындары ашылып, 43,5 пайызды құрады. (Оның ішінде: тұрақты жаңа жұмыс орындары - 696).
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарға 400 адамға 275,7 млн.теңге бөлініп, өтініштер қабылдануда. 2021 жылы «Бизнес Бастау» жобасы аясында сертификат алған 15 азаматқа 1,2 млн.теңгеден грант берілді.
Ал, атаулы әлеуметтік көмек бойынша өтініш білдірушілер өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 23,3 пайызға азайып отыр.
ҚР Президенті жолдауында айтылған 10 мың тұрғынға кемінде 100 жаңа жұмыс орнын құру туралы тапсырмаға және облыс әкімдігінен нақтыланған межеге сәйкес аудан бойынша 1748 жұмыс орнын ашу белгіленген.
Қазіргі таңда, аудан бойынша 765 жұмыс орны ашылды. Жыл аяғына дейін бұл жұмыстар толығымен орындалатын болады. Аудандағы жалпы орта білім беретін 50 мектепте 17 627 оқушы дәріс алады.
Қазіргі таңда, 59 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 3984 бала тәрбиеленуде. 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың барлығы 100 пайыз мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған.
Халық санының өсуіне байланысты 2025 жылға дейін білім ордаларын салу көзделіп отыр. Осы орайда, алдағы 5 жылда аудан көлемінде 9 білім беру ұйымы нысанын салу (Арал қаласы – № 71 мектеп интернаты, бұдан бөлек 300 орындық 2 мектеп, Сексеуіл кенті, Ақшатау, Қамыстыбас(қосымша құрылыс), Шижаға, Сапақ, Жалғызағым) және 7 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа барлығы
1694 оқушы келеді деп күтілуде (өткен оқу жылмен салыстарғанда 53 оқушыға кеміген,өткен оқу жылы - 1747.
2021-2022 оқу жылының қорытындысымен 11-сыныпты 933 оқушы аяқтап, оның 651-і яғни 69,7 пайызы ҰБТ-ға қатысты (өткен оқу жылында бітіруші саны - 874, ҰБТ қатысқаны - 588 яғни 67,3 пайыз).
Орташа балл - 81,0-ді құрады (өткен оқу жылы - 84,1).
Балалар жылына орай Аралқұм ауылдық округі, Шөміш елді мекенінде «Латон-Маркет» ЖШС-нің демеушілігімен әмбебап кіші спорт алаңы құрылысы басталып, қыркүйек айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Биылғы жылы аудан орталығынан кәсіпкерлерге көрсетілген қолдау жұмыстарының нәтижесінде «Зере» және «Балақай» жабық ойын-сауық алаңдары бой көтерді.
Бұдан бөлек, демеушілік есебінен Арал қаласынан (4 дана) және Сексеуіл кентінен (1 дана) балаларға арналған 5 ашық ойын алаңын пайдалануға беру жоспарда бар.
Балабақшасы жоқ елді мекендер қатарындағы Тоқабай ауылынан 30 орындық «Бекзия-Ана» жеке балабақшасы ашылып, пайдалануға берілді (педагог-6, техникалық қызметкер-9, жалпы 15 адам жұмыспен қамтылды).
Қазіргі таңда Арал қаласы, Жақсықылыш кенті, Бөген, елді мекендерінде кәсіпкерлер тарапынан жеке балабақшалар құрылысы жүргізілуде.
Тоқабай елді мекеніндегі № 248 орта мектебінің ғимараты
2020 жылы апатты жағдайда деп танылуына байланысты, жаңа
100 орындық мектеп салу мақсатында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес құрылыс жұмыстары бастау алған болатын.
Қазіргі таңда, ескі мектеп ғимаратын бұзу жұмыстары аяқталуда. Жаңа мектеп ғимараты 2022 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Денсаулық сақтау саласы бойынша ауданда орталық аурухана, жүйке аурулар диспансері, Сексеуіл ауылдық ауруханасы, аудандық емхана, 3 ауылдық емхана, 11 дәрігерлік амбулатория,
1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 36 медициналық пункт бар. Аудан халқына қазіргі таңда 138 дәрігер мен 690 орта буынды медицина мамандары қызмет көрсетеді.
Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында 2021 жылы жалпы құны 472,2 млн. теңгені құрайтын медициналық аппараттар алынып (жылжымалы медициналық кешен - 162,4 млн. теңге, компьютерлік томография - 244,9 млн. теңге, цифрлық момография - 32,7 млн. теңге, цифрлық флюрография - 28,9 млн. теңге және жоғары ағынды оттегі терапиясы аппараты 2 дана - 3,3 млн. теңге) тұрғындар игілігі үшін қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, биыл Қызылжар және Бөген елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория ғимаратын жаңадан салу жоспарланса, сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында, жыл көлемінде жалпы құны 233,7 млн. теңгеге (эндоскопиялық бейне ақпарат жүйесі - 147,9 млн. теңге, науқас мониторы 6 дана - 21,0 млн. теңге, шприцті мөлшерлегіш 20 дана - 16,0 млн. теңге, рентгендік диагностикалық стационар - 48,7 млн. теңге) медициналық аппарат алу жоспарлануда.
Есепті кезеңде ауданда 917 бала туылып, көрсеткіш 12,5 пайыз болып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында ана мен бала өліміне байланысты 9 (ана өлімі - 1, бала өлімі - 8) жағдай тіркелсе, 2021 жылдың (ана өлімі - 1, бала өлімі - 9) сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 11,2 пайызға төмендеген. Туберкулез ауруымен алғаш рет ауырғандар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 бірлікке, алғашқы рет тіркелген қатерлі ісік ауруларының саны 7 бірлікке, қан айналымы жүйесі аурулары бойынша алғаш рет тіркелген аурулардың саны 2 бірлікке азайып отыр.
Бүгінде аудан бойынша 246 спорттық нысан халыққа қызмет көрсетеді. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жыл басынан бері есепті кезеңде 74 спорттық іс-шара өткізіліп, ауданда спортпен шұғылданушылар халықтың 34 пайызын құрады.
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктерінде аудан спортшылары 35 медаль (10 алтын, 13 күміс пен 12 қола) иеленді.
Мәдениет саласы бойынша ауданда бүгінде 6 мәдениет үйі, 23 ауылдық клуб, 39 кітапхана (оның ішінде 33 кітапхана ауылдық жерде), аудандық мәдениет орталығы, тарихи-өлкетану музейі, балықшылар музейі және Арал қалалық тарихи музейі, жалпы 72 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетуде., - деді аудан әкімі.
Есепті кезеңде мәдениет мекемелерінде әр түрлі деңгейде жоспарланған және жоспардан тыс 479 іс-шара өткізіліп, оған 89 103 адам қамтылса, 148 онлайн шара өткізіліп, 29 610 қаралым жинаған.
Статистикалық мәліметке сәйкес бүгінде жастардың үлесі аудан халқының 24,2 пайызын(19 606) құрайды.