Ақтөбеде мас күйінде рөлге отырған әйел жол апатының себепшісі болды

443

Ақтөбеде таңертең үш көлік қатысқан жол апаты орын алды. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткен Daewoo Nexia екі көлікпен соқтығысқаннан кейін толығымен жанып кеткен- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 


Видеодан Daewoo Nexia көлігінің жолдың қарсы бетіне шығып кеткенін көруге болады. Осы сәтте ол Lada Priora және Opel Vectra автокөліктерімен соқтығысып, артынша бірден жана бастаған. 

Қалалық Полиция Департаменті Тергеу және анықтау басқармасы басшысы Эльмира Суликанованың айтуынша, Daewoo Nexia жүргізушісі 31 жастағы әйел мас күйінде рөлге отырған. 

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Daewoo Nexia жүргізушісі мен жолаушысы және Lada автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.