ЖАСАНДЫ ТҮСІК ЖАСАТУШЫЛАР ЖЫЛ САНАП АРТЫП КЕЛЕДІ

2 556

Қазақстанда жасанды түсік жасатушылар саны қайта өсуде, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгінде  қыз-келіншектердің басым көпшілігі  жасанды  түсік жасатуды немесе тірі баланы қоқысқа тастап кетуде жөн санайды. Жаға ұстатарлық жаңалықты жиі естігендіктен бе таңырқамайтын күй кешіп келеміз. Тіпті кейбір жылдары жаңа туған шақалақты көліктің терезесінен лақтырып жіберді деген ақпаратта кеңінен тараған болатын. Жоспарсыз жүктіліктің соңы өкінішпен аяқталатыны қынжылтады.


Статистикалық дерек бойынша, Қазақстанда жылына 125-130 мың түсік жасалынады екен. Түсік жасатушылардың дені жастар екендігі алаңдатады. Өйткені осыдан он жыл бұрынғы жасалған түсіктердің біразы денсаулығына байланысты болған. Ал, бүгінде жасанды түсікті жастар, тіпті мектеп баласы істетіп жатады. Барлығы да білімсіздіктен, имансыздықтан, ата-ананың қарауынсыз, отбасы тәрбиесінің аздығынан болып отыр. Бұл көрсеткіштер экономикалық дамыған елдердің көрсеткіштерінен әлдеқайда көп болып отыр.


Өкінішке орай, соңғы жылдары жасанды түсік саны қайта көбейіп барады. Дерек бойынша, қазіргі уақытта Алматыда жыл сайын 20-22 мың түсік жасалынады. Бұл дегеніңіз, бізде әрбір үшінші жүктілік тоқтатылады деген сөз.Ең сорақысы  Қазақстанда 28 апталық жүктілік болған жағдайда дажасанды түсік жасала беретін көрінеді. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, қазіргі таңда түсік жасатудың технологиясы дамығандықтан көптеген әйелдер үшін ол жоспарсыз жүктіліктен құтылудың жалғыз жолы болып отыр. Егер әйелдер жүкті болмаудың алдын алатын контрацептивтік құралдар жайлы білетін болса, онда түсіктер саны да кемитін еді, дейді мамандар.


Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша жастарға дәрігерлік кеңестер беретін орталықтар ашылып жатыр. Онда кез келген жас арнайы тіркелмей-ақ кеңес алуға болады. Ал гинекологиялық кеңес алу үшін бүгінде 14-50 жас аралығындағы қыздардың жасанды түсік жасатуы үшін қаралатыны тағы бар. 


Расында жас қыздардың жыныстық сауаттылығы болмағандықтан қателікке бой алдырып жатады. Алғашқы махаббатың аяғы жасанды түсікке тіпті қыз баланың өміріне балта шабумен аяқталып та жатыр. Қазіргі уақытта некесіз жүкті болып, жасанды түсік жасатқысы келетін жас қыздар көп. Олар ата-анасынан қорқады немесе сәбиді жалғыз бағып-қағуға тәуекел ете алмайды. Жасанды түсікке құмар жандардың оның адамға зиян жағы ескерілмейді. Бұл жөнінде психолог мамандары не дейді:


«Бүгінде баладан құтылудың жолы жасанды түсік жасату. Әсіресе кәмелет жасқа толмаған қыздардың басым бөлігі жүгінетіні жасырын емес. Жігітім тастап кетті, әкем білсе өлтіреді, мен әлі дайын емеспін дейді.Түңгі өмірде белсенділік танытып, шынайы өмірде дауаламайтын тәнін сататын жандар да жүктіліктен сақтанбайды. Бізді түпкі психологиялық сана мен жауапкершілікті көбіне ұғына бермейді. Тіпті мектеп жағалап түсіндірме жұмыстары да жүріп жатыр. Жасанды түсік адам өміріне қауіп төндіріп, зиян жағы да айтылады. Оны ескеріп жатқан қыз жоқ. Ал, жасанды түсік үшін арнайы емхананың келісімі мен дәрігердің қабылдауында жасалуы керек. Бірақ бәрі тыныш өтсін деп жеке клиникаларға жүгінетіндері де бар. »,- дейді дәрігер гинеколог Мұсабаева Гаухар.


Ал мұндай ұлт трагедиясынан қалай айығуға болады? Бұл тұста ұлттық тәрбиенің рөлі зор. Ұлттың болашағы бүгінгі қыздарымыз, ертеңгі аналар екенін бабаларымыз көрегендікпен айтып кеткен. Сондықтан да қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Қызының өзі үйде, қылығы түзде» болатынын білген аталарымыз «қызға қырық үйден тыйым» салған. Сондықтан біз де «ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуіміз» керек. Ең алдымен, жастардың бойына рухани тәрбиенің дәнін егіп, имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеуге міндеттіміз. Имани тәлім-тәрбие беру қажет. Ислам дінінде жасанды түсік жасатуға тыйым салынған. Тек бір ғана жағдайда рұқсат етіледі. Егер өмірге сәби әкелу барысында ана денсаулығына қатер төнсе ғана ол баланы алдыртуға болады. Іштегі сәбиге 40 күн дегенде жан беріледі. Яғни, 40 күннен кейін ол кәдімгі адам, тірі жан болып есептеледі. Ол кезде оны алдыртуға мүлдем болмайды. Біз қазіргі таңда жасанды түсіктің ғана емес, оған апармаудың да жолдарын қарастырғанымыз абзал.