Қаланың жартысына әлі жылу берілмеген
Семей тұрғындары қаланың бір бөлігіне әлі күнге дейін жылу берілмегеніне шағымданды. Өткен түнде облыс орталығындағы температура +1 градусқа дейін төмендеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жергілікті тұрғындар жылудың жоқтығы туралы наразы пікірлерді жарыса жазып жатыр.
Шенеуніктер тұрғындардың күн суығанда жылусыз отыру себебін айтты.
Қазандықтар штаттық режимде жұмыс істейтіні, барлық магистральдық құбырлар жылытылғаны хабарланды. Әкімдік сол жағалаудағы тұрғын үйлердің жартысынан көбіне жылу берілгенін жеткізді.
Сондай-ақ үйлерді жылуға қосу қысымның төмендеуіне байланысты кезең-кезеңімен жүретіні нақтыланған.
Алайда бір апта бұрын Семей әкімдігі қалада 10 қазанда жылыту маусымы басталатынын хабарлаған болатын.
Бұдан бұрын Энергетика министрлігі ел қалаларына жылу беру кестесін жариялаған. Сондай-ақ, министрлік Қазақстанның 4 қаласында тұрғындарға жылу уақтылы берілмеуі мүмкін екенін ескертті.