СЫРДАРИЯНЫҢ АЛҚАСЫ – СОЛ ЖАҒАЛАУ

1 878

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚазір Қызылорда қаласының келбеті күн санап көркейіп келеді. Сол жағалаудағы жаңа қалада сәт сайын сәні мен салтанаты келіскен сәулетті ғимараттар сапы бой түзеп, оған қабаттас тағы да серпінді құрылыстар жүргізілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Осыған қарап-ақ, шырайлы шаһарымыздың алып құрылыс алаңына айналғанын аңғару қиын емес.

Ел Президентінің, Үкімет басшысының қолдауымен және облыс әкімінің үйлестіруімен қаламызда ауқымды жобалар атқарылып, сол жағалаудан Жайлы мектеп, Оқушылар сарайы, Теннис орталығы ел игілігіне берілгені белгілі. Онан бөлек, №2 шағын ауданда 470 пәтерлік 10 көпқабатты үйдің кілті тұрғындарға табысталды. Жылына он мың адамға қызмет көрсете алатын Қан орталығы ашылды. Жалпы сыйымдылығы 200 жолаушыға шақталған заманауи үлгіде салынған автовокзал халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.

Қуатты құрылыспен қабат көшелердің көгалдандырылуы, аулалардың абаттандырылуы, тұтас тазалықтың үйлестірілуі толықтай қамтамасыз етілуде.

Бүгінге дейін бұқараның жиі бас қосатын Жастар ресурстық орталығы, Қазақ орталық атқару комитетінің музейі де, «Болашақ» университеті, 700 орындық жеке мектеп және 320 орындық балабақшасы да осы ауданның айшықты нысаны саналады. Алдағы уақытта физика-математика мектебі мен заманауи стадионның құрылысы бітсе, жаңа қала мұнан сайын жарқырай түсетін болады.

Қазіргі таңда экологиялық мәселелерді шешу, су ресурстарын тиімді пайдалану және табиғи балансты сақтау маңызды міндеттердің қатарында тұр. Сырдарияның сол жағалауында орналасқан Қызылорда қаласы аймақтың орталығы ретінде маңызды рөл атқарады. Қалада тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылым мен экономика салаларын дамыту бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Қызылорда облысы әкімдігі қала мен ауылдық аймақтардың дамуын үйлестіру үшін әртүрлі бастамалар көтеріп, сол жағалаудың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды іске асыруда. 

Бұл – нәтижелі істердің нышаны!