ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ БІРЛІК АЛЛЕЯСЫНА ТАЛ ЕГІЛДІ

1 591

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді.


Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.


Еске салсақ, қазір республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ»  тақырыптық атаулары берілген. 


Сыр өңірінде «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны аясында 5 кезең бойынша көгалдандыру, тазалық шаралары ұйымдастырылуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.