Сот орындаушы баланың алиментін жымқырған

1 550

Фото: Голос народаАстана қаласында жеке сот орындаушы азаматтың баласына жіберген алиментін өз баласының шотына аударып отырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, оқиға Нұра ауданында болған. Онда жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын баланың анасының есепшотына емес, өз ұлының шотына аударғаны анықталды.


"Жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Анықталғандай, жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды", - деп хабарлайды  Астана қаласының прокуратурасы


Қазір жеке сот орындаушысына қатысты «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны» үшін қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.