Байссенге демалуға барған ер адам жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

1 528

Фото: Видеодан скрин24 жастағы жігіт қала сыртындағы демалыс аймағында бассейнге барып, кейін жансақтау бөліміне түсті,- деп  Opennews.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.

 Оның жақындары кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Оқыс жағдай PrimeVill демалыс кешенінде болған. Ер адам бассейнде жүзіп жүргенде есінен танып, суға бата бастаған. Сол жерде демалып жүрген басқа адамдар оған алғашқы көмек көрсеткен. Куәгерлердің айтуынша, сол сәтте оқиға орнында құтқарушы да, медицина қызметкері де, тіпті алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы да болмаған. Жедел жәрдемді де демалушылар өздері шақырған. Қазір жігіт жансақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккен жігіттің анасы әділдік орнамаса, мұндай жағдайлар басқа демалыс орындарында да қайталануы мүмкін екенін ескертті.

"Қазір балам комада жатыр. Әлі күнге дейін есін жиған жоқ. Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мен әділдік талап етемін. Бұл жалғыз оқиға емес, егер қоғамда резонанс болмаса, мұндай жағдайлар қайталана береді. Басқа демалыс орындарында да осылай болуы мүмкін. Егер жеңіл жарақатпен аяқталса, кешіруге болар еді. Бірақ мұнда адам өлім аузынан қалды. Егер демалушылар дер кезінде көмектеспегенде, ол сол жерде көз жұмар еді", – дейді жігіттің анасы Айкүміс Елеусізова.

Қайғылы оқиға болған демалыс базасы қазір де жұмысын жалғастырып жатыр. Демалыс кешені әкімшілігінің мәліметінше, ер адам бассейнге басымен төмен қарай секірген. Мұндай әрекетке тыйым салынғанына қарамастан, ол ережені бұзған. Әкімшілік бұл туралы кешен аумағында арнайы ескерту тақтайшалары мен ақпараттық стендтер орнатылғанын мәлімдеді.

Демалыс кешені әкімшілігінің мәліметінше, оқиға болған сәтте кезекшілікте арнайы дайындықтан өткен екі құтқарушы болған. Медициналық қызметкерлер келгенге дейін сондағы құтқарулардың бірі оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Әкімшілік бұл деректердің барлығы бейнебақылау камераларындағы жазбалармен растайтінін мәлімдеді.

Қазір оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.