RUB (-0.04) 7.66 KZT
USD (-0.45) 468.45 KZT
EUR (+3.42) 489.06 KZT
Қоғам
67

20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды

Атырауда көліктен 20 млн теңгеден астам қаражатты ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 07:20 шамасында 45 жастағы азамат 102 операторына Ақтөбе – Атырау – Астрахань тас жолында тұрған DAF ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге каражаты салынған сөмкесін белгісіз адамның жасырын жымқырып, окиға орнынан бой тасалағанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Атырау қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының мамандары дереу күдікті көлікті анықтап Мақат ауданының полиция кызметкерлеріне бағыттама берген Geely GC 7 автокөлігі тоқтатылып, 23 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

 Аталған дерек бойынша Мақат ауданының Полиция бөлімі ҚК-тің 188-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.