КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ
Іс-шараға Парламент депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.Аймақ басшысы сала еңбеккерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, күні кеше жылу-электр орталығына 9 жаңа заманауи арнайы техника кілті табысталды. Барлық автокөлік халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкес жан-жақты тексеруден өткізілген, арнайы сұраныспен жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделіп дайындалған.
Іс-шарада Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жерлестерін құттықтады. Сондай-ақ, коммуналдық салада еңбек ететін азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Айта кетейік, соңғы жылдары өңірде барлық саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық берілуде. Қоғамдық көліктің мәселесін түбегейлі шешу үшін 300, мектеп оқушыларына 30 автобус, денсаулық сақтау саласына 70 жедел жәрдем көлігі, орманшыларға 95 арнайы техника, ветеринария саласының мамандарына 59, құқық қорғау органдарына 92 қызметтік автокөлік алынды.
Коммуналдық салаға да жан-жақты қолдау көрсетілуде. «Қызылорда тазалығы», КРЭК, «Қызылорда су жүйесі» мекемелеріне 42 арнайы техника табысталып, тұрғындар игілігі үшін қызмет етуде. Мұнан бөлек, «Үлгілі елді мекен» облыстық байқауының жеңімпаздарына күнделікті ел тұрмысына қажетті, заманауи үлгідегі 48 арнайы техника берілді.
Биыл облыс тұрғындарының сұранысына сәйкес өңірдің барлық елді мекеніндегі денсаулық сақтау мекемелеріне 200 санитарлық автокөлік алынуда. Оның 126-сы қолданыста, қалған 74-і жақын күндері табысталады.
Тағы да оқыңыздар
