139 млн болар едік - белгілі ғалым қазақтардың неге көбеймегенін есептеп берді

360

Алаштанушы ғалым, журналист Сұлтанхан Аққұлұлы қазақтың саны қазіргіге қарағанда бірнеше есеге көп болуы керек еді деп есептейді. Ол көршілес елдердегі демографиялық өсімді салыстыра келе өзіндік зерттеу жүргізген екен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Оның пайымдауынша, қазіргі таңда қазақтың жалпы саны 140 миллионға жетіп қалуы керек еді7

Сұлтанхан Аққұлұлының сұхбаты әлеуметтік желіде жарияланған. Ғалым 1897 жылы Ресей империясында өткен санақты негізге ала отырып, Қазақстанмен көршілес жатқан елдердің демографиялық өсімін зерделеп шығыпты. Мәселен, сол уақытта өзбектердің саны 726 534 болған екен. Ал қазір бұл көрсеткіш 35 миллион адамға жуықтапты. Яғни екі ғасырдан астам уақытта 34 есеге көбейген. Ғалым сол сияқты қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өсімін зерделеп шығыпты.


Сол кезде түркілердің ішінде ең көбі қазақ болатын, 4 миллион 84 мың адамды құрады. Бұл тек есепке кіргені ғана. Себебі, көшпелі халықтың көбі санаққа ілінбеді. Көрші өзбек елінің өсімімен есептейтін болсақ, біз қазір 139 миллион қазақ болар едік,— дейді Сұлтанхан Аққұлұлы.

Сұлтанхан Аққұлұлы қазақтар санының азаюына ашаршылық пен геноцид себеп деп санайды.


Ашаршылық салдарынан халықтың кемінде 70 пайызынан айырылып қалдық. Мұндай сұмдық жағдай адамзат тарихында ешбір этноста болмаған,— дейді ол.

Былтыр өткізілген ұлттық санаққа сай елімізде қазір қазақтардың жалпы саны 13 миллионнан асады.