Қазақстанда қасқыр атуға рұқсат берілді

1 409

Фото: pixabay.comЕнді қазақстандықтарға қасқыр тұқымдастарды атуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулауға қатысты құжат әзірлегенін хабарлады.

«2025 жылдың 15 қаңтарында сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндік берілді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілген» деп жазылған хабарламада.

Жыртқышты Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны жөнінде дәлелдер болған жағдайда ғана рұқсат беріледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.