Балаларды тұншықтырып, соққыға жыққан тәрбиешілер жұмыстан шығарылды
Жетісу облысында балабақшадағы бейнебақылау камерасында тәрбиешілердің бүлдіршіндерді ұрып-соққаны түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балабақшаның бірнеше тәрбиешілері 2-4 жас аралығындағы балаларды ұрып-соғып, қылқындырып төсекке жатқызбақшы болған.
Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылында "Жаскент бөбекжай-бақшасында" болған.
Панфилов ауданы әкімдігі қызметтік тексеру ұйымдастыру үшін балалар мекемесінің 10 күнге жабылғанын хабарлады. Полиция да тергеуді бастаған.
:
Қаз
Рус






