Балаларды тұншықтырып, соққыға жыққан тәрбиешілер жұмыстан шығарылды

1 563

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотЖетісу облысында балабақшадағы бейнебақылау камерасында тәрбиешілердің бүлдіршіндерді ұрып-соққаны түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Балабақшаның бірнеше тәрбиешілері 2-4 жас аралығындағы балаларды ұрып-соғып, қылқындырып төсекке жатқызбақшы болған.


Оқиға Панфилов ауданындағы Головацкий ауылында "Жаскент бөбекжай-бақшасында" болған.


Панфилов ауданы әкімдігі қызметтік тексеру ұйымдастыру үшін балалар мекемесінің 10 күнге жабылғанын хабарлады. Полиция да тергеуді бастаған.


"Балабақшаның қызметі уақытша тоқтатылды, қазір полиция бөлімінде қажетті сараптамалар тағайындалды. А. және Г. есімді тәрбиешілер жұмыстан босатылды. Іс полицияның бақылауында”, – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі. 


:


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.