Балабақшада бала қатарластарын да, тәрбиешілерді де қорқытқан

1 527

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скриншотМаңғыстау облысы Жетібай ауылындағы балабақша тәрбиеленушісі тек балаларды ғана емес, тәрбиешілерді де қорқытып келген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.                  

Ата-аналардың айтуынша, балабақшадағы тәрбиеленушілердің бірі қатарластарын ғана емес,тәрбиешілерді де қорқытып келген. Олар баланы «директордың баласы» деп атап, оған барлық нәрсеге рұқсат берілгенін айтады. Сөздерінше, бала тыныштық сағаты кезінде еркін түрде жатын бөлмеге кіріп, ұйықтап жатқан балаларды оятып, оларды мазалаған.(ВИДЕО)

 Ата-аналардың айтуынша, тәрбиешілердің өздері де бірнеше рет жылаған, алайда жағдайға ықпал ете алмаған. Бала кеңсе пышағын алып, жатын бөлмеге кірген. Ол пышақты қыздардың бетіне жақындатып сермеп, қорқыныш тудырған. Ата-аналардың бірінің сөзінше, қызының айтуына қарағанда, бала «ұйықтасаңдар, бір жерлеріңді кесіп тастаймын» деп қорқытқан. Қазіргі уақытта сол сәтте тәрбиешінің қайда болғаны және не себепті баланың әрекетіне тосқауыл қойылмағаны белгісіз күйінде қалып отыр. Білім басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс 20-шы сәуірде басталады.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.