ЖАЛАҒАШ КЕНТІНДЕ ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1 202

Жалағаш ауданыАудандық қоғамдық даму бөлімі, жастар ресурстық орталығы, аудандық полиция бөлімі, аудандық білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалағаш кентіндегі халық көп шоғырланатын орындар мен ойын-сауық орталықтарында нысан иесі мен тұрғындарға заң талаптарын түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 

Әсіресе, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстардың маңызы зор. Өйткені, мәселемен күрескеннен алдын алған абзалырақ екені белгілі.

Бала тәрбиесінде, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мұғалімдер ғана емес, ең алдымен ата-ана жауапты. Сондықтан әрбір ата-ана жауапкершіліктен жалтармай, балаларының тәртібін қадағалап, үнемі бақылауда ұстауы және төмендегі ескертпені назарға алуы керек. 

 ЕСКЕРТПЕ:

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы - заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.