Полицейлер әйелді порнографиялық видеолармен бопсалаған
Шымкентте полицейлер жас келіншекті порнографиялық бейнероликтермен бопсалап келген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Экс-шенділер қылмыстық іс бойынша тергеуші және жедел-тергеу тобының мүшелері болған. Тергеп-тексеру нәтижесінде жәбірленуші жалған атпен модельдік агенттікте тіркелгені, оның әлеуметтік желілерде порнографиялық бейне және фотосуреттері бар екені анықталған.
Сотталушылар материалдарды жәбірленушінің ата-анасына жіберіп, ал өзін қамауға аламыз деп қорқытқан. Сотталушыларға лауазымды тұлғалар тобында бопсалау арқылы пара алғаны үшін ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша айып тағылды.
Кінәлі тұлғаларға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, ҚК-нің 55-бабы 3-бөлігі талабына сай, параның 35 еселенген мөлшерінде әрқайсына 10 500 000 теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сотталушылар полиция майоры мен полиция лейтенанты шендерінен айырылды. Үкім заңды күшіне енді.