20 жастағы қазақстандық қызды Кореяда жезөкшелер үйіне сатып жіберген

1 161

Оңтүстік Кореяда полиция шетелдік әйелдерді елге алдап шақырып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлейтін қылмыстық топты ұстады, - хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Yna.co.kr басылымына сілтеме жасап. 


Алдын ала мәлімет бойынша, екі күдікті Қазақстан азаматтарының елге кіруінің күрделі тәртібін пайдаланып, қылмыстарының нысаны ретінде қасақана қазақ әйелдерін іздеген. Олар әлеуметтік желі арқылы 20 жастағы қазақстандық қызбен танысып, оған Кореяда жұмыс табуға көмектесетінін айтқан. Кореяға барғаннан кейін қыздың төлқұжатын алып, зорлап, видеоны таратамын деп қорқытып, оны жезөкшелер үйіне тапсырған.


Қылмыстық топқа қатысты іс Оңтүстік Кореяның Чеджу провинциясы астанасының аудандық сотында қаралды. Сотталушыларға шетелдік әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрледі деген айып тағылды.


"Олар әйелдерді барда жұмыс істеймін деп алдап, елге кіргізген. Содан кейін олар жәбірленушілерді пәтерінде қамап, клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Бір әйел қашып үлгерген, содан кейін ол полицейлерге хабарласқан. Құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барып, күдіктілерді тұтқындап, бұл факті бойынша жан-жақты тергеу жүргізді", – деді оңтүстіккореялық басылымы.


Сонымен қатар қылмыстық топ құрамында 40 жастағы Қазақстан азаматы болған. Айтуларынша, жас қазақ қызын жұмысқа орналастыруға кепілдік берген де сол кісі екен. Бірақ келген соң қыздың төлқұжатын алып қойған. Сот үкімімен айыпталушылар бір жылдан үш жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.