Қамбаш көліде тартылып барады
293
Бүгінде Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылында орналасқан Қамбаш көлі күннен-күнге тартылуда, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысының "Сыр маржаны" атанған Қамбаш көлінің бүгінгі жағдайы нашар. Көлдің су деңгейі жағалаудан 250-300 метрге алшақтап кеткен. Төрт түлік мал бағып, балық аулап отырған жергілікті халықтың айтуынша, бұл дабылдың белгісі. Себебі, жақын арада көлдің тартылуы тоқтамаса, халыққа көшуден басқа амал қалмайды.
Қамбаш көлі осыдан 10 жыл бұрын ресми түрде туристік аймақ болып ашылған. Содан бері оған келушілер қатары күрт артқан. Ал, екі мың екі жүзден астам халқы бар Қамыстыбас ауылы тұрғындарының дені бұл жерден балық аулап, күндерін көріп келеді. Елді мекен жұртын бұл күнде көлдің тартылып бара жатқаны алаңдатып отыр.
Қызылорда облысының "Сыр маржаны" атанған Қамбаш көлінің бүгінгі жағдайы нашар. Көлдің су деңгейі жағалаудан 250-300 метрге алшақтап кеткен. Төрт түлік мал бағып, балық аулап отырған жергілікті халықтың айтуынша, бұл дабылдың белгісі. Себебі, жақын арада көлдің тартылуы тоқтамаса, халыққа көшуден басқа амал қалмайды.
Қамбаш көлі осыдан 10 жыл бұрын ресми түрде туристік аймақ болып ашылған. Содан бері оған келушілер қатары күрт артқан. Ал, екі мың екі жүзден астам халқы бар Қамыстыбас ауылы тұрғындарының дені бұл жерден балық аулап, күндерін көріп келеді. Елді мекен жұртын бұл күнде көлдің тартылып бара жатқаны алаңдатып отыр.
"Судың деңгейі бұдан да төмен түсетін болса халықтың жағдайы төмендеп, келесі жылы судың химиялық құрамы өзгереді, тұздану көбейгеннен кейін малдардың да су ішетін көзі осы сондықтан халыққа қиын болады. Егер бұл осындай жағдайға алып келетін болса балықтардың азаюы, малдардың тұздылық көбейгеннен кейін білесіздер су іше алмауы, енді бір жылдан кейін уже үкімет басындағыларға "Нұрлыкөш" деген бағдарламалар бар ғой, соған сәйкес ауылды көшіру жолын іздеу керек қой", - дейді Алдаберген Исаев, Қамыстыбас ауылының тұрғыны.
Көлдің тартылып жатқанын алғаш болып осы жердегі балық питомнигі сезініпті. Су азайғандықтан көлге балық жіберуге арналған құрал-саймандарын қайта сатып алыпты. Деңгейі тағы түссе техникаларын жаңартуға мекеменің қауқары жеткіліксіз болады екен. Ауыл әкімі бұл мәселені халық қалауларына жеткіздік деп отыр."Біз әзірге тиісті орындарға жазбаша түрде берген жоқпыз. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Мұхамедовке осы басына әкеліп, көзін жеткізіп айтқаным бар. Яғни, Сенатта депутаттар алдында қозғалды ғой? Иә, ол кісі мақұлдап кетті. Мен өзім осыны көтеремін деп", - деді Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі инспекциясы болса көлдің тартылуының бірден-бір себебі, ол - Сырдария өзені суының егістікке көп мөлшерде жұмсалуы екендігін алға тартады. "Мысалы, кезінде Арал теңізі құрғады. Сол сияқты егер биылғыдай 90 мың гектар күріш егіле беретін болса онда Қамбаш та құрғайды. Сол себепті қазір барлығын ескере отырып, күріш көлемін азайтып, мейлінше суды сол көлдер, экологиялық жүйелерге, шабындықтарға, мал жайымдылыққа жіберу өте қажет. Енді барлығын баланс қылып бірдей жіберу керек қой, бір жағын кептіріп қоймай, екінші жағын суға бастырып қоймай", - деді "Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі "Арал-Сырдария бассейндік" инспекциясы РММ басшысының орынбасары Жұмахан Нұрсейітов.
Ал, мемлекеттік емес ұйымдар бұл мәселені республика деңгейінде шешу қажет дейді. Екі жыл бұрын облыс орталығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның су ресурстарына жауапты өкілдерінің кездесуінде осы мәселе көтерілген екен. Алайда ортақ келісімге келе алмапты."Қырғызстаннан келген өкілдер үстел басынан тұрды да, кете берді. Барлығымыз, Өзбекстан, Тәжікстан, және Түркменістаннан келген өкілдер қайда деп сұраған едік. Бізге миллиондап ақша төлемейіндерінше су жоқ деді. Енді осылай жасауға болады ма?", - деді Смағұл Сеитов, Қоршаған орта және Арал төңірегіндегі халықтың денсаулығын қорғау Қызылорда аймақтық орталығының директоры.
Бүгіннің өзінде Қамбаш көлінің маңындағы кішкентай көлдер тартылып кеткендіктен шөлейтке айналуына сәл-ақ алдында тұр. "Судың тапшылығы бірнеше жылдан соң үлкен масштабтағы экологиялық апатқа ұласуы мүмкін" дегенді растаған мамандар Үкімет басындағылар осы кезден қимылдаулары қажет дегенді айтады. Тағы да оқыңыздар
Өзен – тіршілік өзегі
1 526