Тараздықтардың 47 млн теңгесін жымқырған әйел ұсталды

250
Таразда 47 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облысының тұрғындарынан алаяқтық жолмен алдап, қомақты сомада ақшаларын жымқырған белгісіз азаматшаға қатысты арыз түскен. Қалалық басқарманың жедел-тергеу тобымен 34 жастағы азаматша анықталды. Ол қала тұрғындарына төмен пайызбен несие шығарған, алайда ақшаны өзіне иемденген. Алған несие сомалары 500 мыңнан бастап 5 миллион теңге көлемінде болған. Жалпы келтірілген шығын көлемі 47 млн 80 мың теңгені құрайды. Күдікті әйел өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.