Елімізде 13 есірткі зертханасының бары анықталды

416
Полиция Қазақстандағы 13 наркологиялық зертхананы анықтады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

"13 есірткі зертханасы жойылды: Нұр-Сұлтанда екеуі, Қарағанды облысында төртеуі, Алматы мен Солтүстік Қазақстан облыстарында үш-үштен және Ақтөбе облысында біреуі"-деп  ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Берікхан Нұрғалиев мәлімдеді.

Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте Берікхан Нұрғалиев полиция жыл басынан бері есірткіге қатысты 1929 қылмысты ашып, оның ішінде 1136 есірткі айналымы мен 326 ірі көлемдегі есірткі сақтау деректерін анықтағанын айтты. 

Қарағанды облысындағы ірі есірткі синдикатының жойылуы туралы мән-жайды толығырақ айтты.

"Сатылымға дайын есірткінің жалпы саны 6 келіден асты. Тергеу барысында халықаралық қылмыстық байланыстар, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және басқару бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы ұйымдасқан қылмыстық топ бойынша есірткі сатуға байланысты 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп нақтылады Нұрғалиев.

Алматыдағы есірткі зертханаларының бірін Медеу ауданындағы бау-бақша аумағындағы жеке үйде екі азамат ұйымдастырған. Тінту барысында полицейлер 13 килограмнан астам дайын өнімді, мефедрон өндіруге арналған жабдықтар мен прекурсорларды тәркіледі.