Конституция күні 15 наурызға ауыстырылуы мүмкін

1 539

Фото: Конституциялық кеңестің ресми сайтыСенат кулуарында Мәулен Әшімбаев егер қазақстандықтар референдумда жаңа жобаны қолдаса, Конституция күні 15- ші наурызда атап өтілетінін мәлімдеген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа Конституция қабылданған күн мерекеге айналуы мүмкін.

"Өтпелі ережелерге сәйкес, Конституция қабылданған күн Конституция күні болады. Қабылданатын күн - 15 наурыз.
Адамдар өз қалауынша, дұрыс деп тапқанына дауыс беруге құқылы, азаматтарымыздың пікірін білу үшін референдум өткізіліп жатыр. Азаматтар қандай шешімге келеді, соған негізделіп қабылданады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция қабылданады, ал 15 наурыз Конституция күні болады", - деді Мәулен Әшімбаев.

Еңбек министрлігі референдумнан кейін 2026 жылы және одан кейінгі жылдары Конституция күнін атап өтуге қатысты егжей-тегжей жауап берген болатын.

"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заңға тиісті түзетулер енгізілгенге дейін 30 тамыз 2026 жылы мемлекеттік мереке және демалыс күні болып есептеле беретінін белгілі болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.