Қызылордада 2 жасөспірім қызды жезөкшелікке тартқан әйел құрықталды

284

Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Күдікті Kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.


"Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының АМІЖ аға жедел уәкілі Мұхан Болатхан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.