Мектепті тексерген комиссия оң нәтиже шығару үшін 26 млн теңге пара алған

698

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сарыағаш ауданында білім саласындағы жемқорлық дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қылмыстарды мемлекеттік аудиторлар жасырған. Мұны қылмыстық істердің материалдары растады.


Мысалы, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына аударылған және мектеп қызметкерлерінің жалақысы асыра есептелген. Содан кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлаған.


Тергеу барысында Алматы облысында Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудиторының 500 мың теңге пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазір ол жауапқа тартылды.


Осыған ұқсас дерек Алматы облысында тіркелді. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданы білім бөлімінің есепшісінен аудиторлық тексерудің оң нәтижесі үшін 1 млн теңге пара алған. Бұл факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Алматы облысы бойынша басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


Сондай-ақ Түркістан облысында мемлекеттік ревизор – облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді. Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.