Арал теңізін орманшылар да құтқара алады

418

Арал теңізінің құрғаған ұлтанында бұрын жүргізілген орман мелиорациялық екпелерді және алдағы уақыттарда орман мелиорациялық екпелер егу жоспарланған аумақтар бойынша көшпелі кеңес өтті.

Биылғы жылдың 10-12 тамызы аралығында ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Е.Құтпанбаев, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Жаханов, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ның директоры Ә.Ғазизұлы, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық  инспекциясы басшысының міндетін атқарушы И.Абдразахов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Б.Оспанов болып, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында бұрын егілген орман мелиорациялық екпелер және алдағы уақыттарда орман мелиорациялық екпелер егу жоспарланған аумақтар бойынша көшпелі кеңес өткізді.
Көшпелі кеңес жұмысы 10 тамыз күні Қызылорда облысы әкімдігінде басталды. Осы күні  кеңеске қатысушылар, Арал, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.  

Келесі күні көшпелі кеңеске қатысушылар Арал теңізінің құрғаған ұлтанында Арал орман мекемесі Қасқақұлан орманшылығының № 83 орамында орналасқан 2013 жылғы 2580 гектар, № 87 орамында орналасқан 2019 жылғы 5000 гектар орман екпелерімен танысты.

Кеңеске қатысушылар, биылғы жылға жоспарланған 100 мың гектар жерге әуеден тұқым себілетін аумақтарда және Су қорынан Арал орман мекемесіне берілген 500 мың гектар жер учаскелерінде болды.
Сонымен қатар көшпелі кеңес мүшелері «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК-ны Оңтүстік-батыс аймақ филиалының орман тұқымбағында биыл атқарылған жұмыстармен танысты.