Қайырымдылық - Қызылордалық капитанның сүйікті ісі

343
Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау капитаны Олжас Тұрсынбайұлы еріктілер тобымен бірге көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, қызметін абыройлы атқаруда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде елгезек, елжанды, өз ісіне жауапты жастар мен мамандар жеткілікті. Солардың бірі азаматтық қорғау капитаны Тұрсынбаев Олжас Тұрсынбайұлы. Ол Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында 2019 жылдан бастап қызмет атқаруда. Басқарманың бас маманы ретінде ол қызметпен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысушы. Сондай қоғамшылдығы үшін бірнеше рет облыстық, республикалық деңгейдегі алғыс хатпен, медальмен марапатталған.

Әңгіме барысында Олжас Тұрсынбайұлы; 

 
«Мен үшін ең биік марапат 2021 жылғы 28 сәуірде Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен берілген «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі. Ал, анашымның шексіз қуанышын "Офицердің анасы" кеуде белгісін алғанда көрдім. Осы марапаттар маған халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ел игілігі үшін аянбай тер төгуіме үлкен жауапкершілік пен зор сенім жүктеді». Бұдан бөлек өзімнің сүйікті ісім (Хоббиым) еріктілікпен қайрымдылықпен айналысу болып табыла, еріктілік демекші «Қызылорда фронт-офис еріктілері» және «Ізденіс жолы» қоғамдық қоры жанынан құрылған "Глобус" еріктілер тобымен бірге көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу жұмыстарын пандемия кезінде және одан кейінгі кезеңде өз ынтасымен атқардық. Осы ретте жеке хоббиым ретінде таңдауымның себебі, көп балалы отбасында дүниеге келгендіктен болар, көпшілмен, еңбек еткенді жақсы көремін. Ата-анамыз жастайымыздан еңбекке және мейірімділікке баулып өсіргендіктен адам жанынын нұры болып табылатын қайрымдылықтан рахатпен лязат аламын. Жалпы хобби кез-келген адамның психикалық денсаулығын күту үшін қажет, өйткені бұл сізді күнделікті өмірден ажыратып, шынымен ұнататын нәрсені жасауға мүмкіндік береді деп ойлаймын, - деген болатын.