Қызылордада атыс шығарған күдікті іздестіріліп жатыр

2 173

AFP 2024 / KAREN BLEIERҚызылордада ер адам оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шанхай мөлтек ауданы Әл-Фараби көшесінде 32 жасар ер азаматқа қарулы шабуыл жасалғаны белгілі болды. Жәбірленуші қалалық ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қару-жарақтан  жараланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. 


Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастағанын атап өтті.


"Оқиғаның мән-жайы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталып, күдіктіні ұстау бойынша жедел жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Айғақты заттар алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.